Компания туралы - Швейная компания «Angelcher»

«Angelcher» тігін компаниясы 15 жылдан астам уақыт бойы мектеп формалары мен ерлердің киімдеріне мамандандырылған. Осы жылдар ішінде «Angelcher» Алматыдағы ательеден киім тігетін өз цехі мен бірнеше фирмалық дүкендері бар кәсіпорынға дейін өсті.

Кәсіби дизайнерлердің жемісті еңбегінің арқасында біз жыл сайын үлгілер қатарын соңғы сәнді ағындарға сәйкес жаңартып отырамыз.

Өзіміздің тігін құрал-жабдығымыздың болуы ерлер мен балалар киімдерінің ассортиментін үнемі кеңейтіп отыруға, қолданыстағы сәнді ағымдарды ескере отырып, сұранысқа ие өнім шығаруға жол ашады. Жаңа технологияларды игерудің және тұтынушылардың қажеттіліктеріне назар аударудың сауатты саясатының арқасында біздің өнімдеріміз Қазақстан нарығында лайықты орынға ие болды.

Біздің өнімдеріміз 2012 жылы Алматы қаласында өткен «Қазақстанның үздік тауары» атты аймақтық көрме-конкурсында 1 орынды иеленді.

Біз жыл сайын мектеп формасы бойынша форум-көрмелерге және отандық тауар өндірушілердің көрмелеріне қатысамыз. «Angelcher» компаниясының өнімдері жылдан жылға өз сатып алушыларының ыстық ықыластарына ие болуда.

 

Біздің бұйымдарымыздың артықшылықтары болып табылады:

• сапалы табиғи материалдар;

• кез келген жерге киюге жарамдылығы мен күту қолайлылығы;

• ұзақ уақыт қызмет мерзімі;

• сапасы мен бағасының үздік қатынасы.

Барлық өнімдер сертификаттаудан өтеді, сонымен қатар тігін бұйымдарын сериялық өндіруге сертификат алынған. Біз «Халық Маркасы» сапасы мойындалған халық белгісін алдық .

«Angelcher» компаниясы Қазақстан Республикасының отандық өндірушілер тізіліміне кіреді.

Бізді таңдайды – Бізді біледі

!