Қызыққа толы жаз маусымына қарамастан тәжірибелі ата-аналар меке оқушылары үшін киім сатып алуға ертерек қамдану керектігін біледі. Мектеп формасы тек бала денсаулығы үшін жайлы да, қауіпсіз ғана емес, сондай-ақ оның талғамын қанағаттандыратын болуы тиіс, ал бұл оңай емес. Мұғалімдердің, психологтардың және педиаторлардың пікірінше мектеп киімі көптеген маңызды міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызады: оқушының оқуға ден қойып, жұмыс көңіл күйіне енуіне жол ашады;
• қабылданған санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкестікке кепілдік береді;
• сәтті адамдардың ажырамас атрибуты болып табылатын киімдегі іскерлік стильге деген дұрыс көзқарас қалыптастыру;
• әр түрлі әлеуметтік топтардан шыққан балалардың арасында айқын мүліктік айырмашылықты жояды, бұл балаларды достарын киіміне қарап таңдамауға үйретеді;
• мектеп аумағындағы қалаусыз «бөтендерді» қадағалауға мүмкіндік береді.
Бұл ретте біздің дүкендерімізден сатып алуға болатын мектеп формасының баланың жеке тұлға ретіндегі қасиеттерін басып тастамағаны, стиль мен талғамды дұрыс сезіне білуді қалыптастыруға жол ашқаны маңызды. Қазіргі уақыттағы ассортименттің байлығы жағдайында мектеп формасын сатып алу оңай шаруа емес. Балаңыз күнделікті киетін дұрыс таңдалған киім оның өзіне ұнауы тиіс, ұнамаса наразылық пен ашушаңдықтан құтылу мүмкін емес. Демек, бірінші кезіккен мектеп формасы дүкененіне барып, өз талғамыңызға сәйкес форма алу жеткіліксіз болады. Баланың нені қалайтынын міндетті түрде сұраңыз және оның пікірін ескеріңіз. Біздің дүкеніміз кез келген жастағы мектеп оқушысына сапалы да сәнді киім таңдасуға толық көмек көрсетуге әзір. Фотосуреттері біздің сайтымызға орналастырылған біздің мектеп формамызды Білім Департаменті ресми түрде бекіткен, сондықтан ол кез келген мектеп мекемесіне жарайды. Біздің Алматы мен Астанада тек қана мектеп формасын сатып қойматынымызды, сонымен бірге барлық бұйымдарды өзіміздің тігетінімізді ескерсеңіздер біздің бағаларымыз сіздерді таң қалдырады. Кәсіби дизайнерлердің жемісті еңбегінің арқасында біз жыл сайын үлгілер қатарын соңғы сәнді ағындарға сәйкес жаңартып отырамыз. Көптеген сәнді ағымдарды біріктіре білген 2017 жылғы мектеп формасы да сән саласының соңғы жетістіктерін ескере отырып жасалды.
Мысалы, қыз балаларға арналған мектеп формасы белдемшелердің, сарафандардың жакеттердің, шалбарлар мен жилеттердің әр қилы үлгілерін сатып алу мүмкіндігін ұсынады. Осының барлығы кез келген жастағы балғын сәнқой қыздың өзін нағыз ханшайым сезініп, сүйсінген көзқарастарды сезінуіне мүмкіндік беретін бүтін бір гардероб қалыптастыруына жағдай жасайды.
«Ер жігіттеріміздің» аналарына енді қап сияқты салбырап тұратын костюм кигізуге мәжбүрлеп, өзінің ұлымен күресудің қажет жоқ. Ұл балаларға арналған біздің мектеп формаларымыздың ішінде классикалық үлгілер де, жасөспірімдерге өте ұнайтын белі қыналған пиджак пен тар балақ шалбар үлгісіндегі нұсқалар бар. Бұдан былай әдемі киім – тек қыздарға ғана арналмаған. Арық ұл балалар да сәнді көріне алады және өзінің костюмін мақтанышпен кие алады. Бұдан өзге, дене тұрқы стандарттан тыс балалар үшін де киім таңдай аласыз. Ол киімдерде бала өзін барынша жайлы сезінеді.
Егер сізді біздің мектеп формамыз қызықтырса, интернет-магазин «Angelcher» сізді өзінің тұрақты клиенттерінің қатарына қосылуға шақырады. Біздің кәсіби консультанттарымыз сіздің балаңыздың артықшылықтарын ұтымды айқындайтын үлгілер таңдауға көмектеседі. Алматыдағы немесе Астанадағы біздің дүкендерімізден мектеп формасын сатып ала отырып, сіздің оның сапасына сенімді болуыңызға, ең кінәмшіл талғампаздың өзінің көңілін табатыныңызға сенуіңізге болады. Жаңа оқу жылы алыс емес, сондықтан балаларға қуаныш сыйлауды ұмытпаңыз және сапалы, қолайлы, әрі сәнді мектеп киімдерін сатып алуды ертеден ойлағаныңыз дұрыс.
Мектеп-формаларының бағалар парағын осы жерден қарауыңызға болады...
Мектеп формасын тігу қызметіне мына жерден қараңыз....
Барлық өнімдер сертификаттаудан өтеді, сонымен қатар тігін бұйымдарын сериялық өндіруге сертификат алынған.